Тоқаев Президент сайлауында дауыс берді

0
188
Қазақстан президенттігіне үміткер Қасым Жомарт-Тоқаев дауыс беріп жатыр.

9 маусым күні Қазақстан президенттігіне сайлау барысында үміткер Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтандағы 115 сайлау учаскесінде дауыс берді. 

“Сайлау деген үлкен мереке. Бұл қақтығыстың алаңы емес. Бұл үміткерлердің ұсынысы мен бағдарламалары бәсекеге түсетін дода. Еліміздің ең басты құндылығы татулық, бірлік, ынтымақ. Сондықтан, ұлт болып бұл құндылықтарды көздің қарашығындай сақтауымыз қажет. Сайлау демократиялық түрде өтетініне еш күмәнім жоқ. Мемлекет тарапынан барлық іс-шараларды жасадық. Енді өте жауапты кезең келіп отыр.”, – деді ол.

Қазақстанның президенттігіне үміткер Тоқаев дауыс беріп болған соң халық алдында сөз сөйлеп, журналистердің сұрағына жауап берді.

Сағат таңғы 7:00 ден бастап 2500 адам тіркелген “Астана Опера” театрындағы учаскеде 300 ге жуық сайлаушы дауыс беріп үлгерді.

Атап өтейік, сайлау қорытындысы бүгін кешке белгілі болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз