Тоқаев Тұңғышбай Жаманқұловпен кездесті

0
193
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тұңғышбай Жаманқұлов.

31 шілде күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның театр қайраткерлері одағының төрағасы Тұңғышбай Жаманқұловты қабылдады. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

Кездесу барысында Мемлекет басшысына Қазақстанның ұлттық театрларының жай-күйі, кинематография саласының жағдайы туралы мәлімет берілді. Тұңғышбай Жаманқұлов Қазақстан Президентіне өңірлеріндегі театрлардың шығармашылық жағдайы, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясындағы жас мамандарды дайындау барысы және басқа да мәселелер туралы баяндады.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз