Тоқаев телефон арқылы Путинмен Таулы Қарабақ қақтығысын талқылады

0
178
Photo: akorda.kz

7 қазанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей басшысы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескен. Әңгіме барысында Таулы Қарабақ қақтығысы да сөз болған.

Ақорда сайты таратқан ақпаратта екі ел басшысы қақтығысқа қатысты нақты нені талқылағаны жазылмаған.

Қазақстан президенті Таулы Қарабақ қақтығысына қатысты жекелей түрде ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.

Путин Таулы Қарабақ қақтығысына Ресейдің қатты алаңдаулы екенін мәлімдеген.

“Бұл қайғылы жағдай. Біз қатты алаңдаймыз. Әзербайжан, Армения және Таулы Қарабақта тұратын бар халық бізге бейтаныс емес”, – деді ол “Россия 24” телеарнасына берген сұхбатында.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз