Тоқаев Трампқа көңіл айтты

0
367
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. Photo: KAZAKNEWS.KZ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трампқа атыстан қаза тапқан адамдар үшін көңіл айтты.

“Дональд Трампқа көптеген кінәсіз азаматтардың өмірін қиған қайғылы оқиғаларға байланысты көңіл айту жеделхатын жолдадым: осынау АҚШ үшін қиын сәтте Қазақстан халқы америкалықтардың қайғысын бөліседі. Президент мырза, Сізге қайғыңызға ортақтасып, көңіл айтамын”, – деп жазды Қазақстан Президенті Twitter-дегі парақшасына.

Естеріңізде болса, 3 тамызда Техастағы Эль-Пасо сауда үйінде болған атыстан 19 адам ажал құшып, 22 адам ауруханаға жеткізілген еді.

Ал 4 тамыз күні Американың Дейтон қаласында атыс болып, тоғыз адам қаза тапты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз