Тоқаевтың Біріккен Араб Әмірліктеріне баруы нені меңзейді?

0
119
Photo: Facebook/Berik Uali

Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапармен барды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

“Бүгін Қазақстан президенті Абу-Дабидің мұрагер ханзадасы шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен кездеседі. Кездесуде екіжақты ынтымақтастық мәселесі кең ауқымда талқыланады”, – делінген хабарламада.

Сапар барысында БАӘ іскерлік топтарының өкілдерімен дөңгелек үстел өткізу жоспарланған. Сонымен қатар, 28 қаңтарда Дубайда Біріккен Араб Әмірліктерінің Вице-президенті, Премьер-министрі, Дубай билеушісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактуммен кездесу ұйымдастырылмақ.

Президент Дубай Халықаралық қаржы орталығына (DIFC) барып, БАӘ компанияларының басшыларымен кездесу өткізеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз