Трамп қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

0
99
дереккөзден

 Тәуелсіздік күнімен Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамп құттықтады!

Америка Құрама Штаттарының президенті жеке өзінің және барша Америка халқының атынан Қазақстан халқын Тәуелсіздіктің 27 жылдығымен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
«АҚШ Қазақстанның тәуелсіздігін 1991 жылы алғаш рет мойындаған уақыттан бері елдеріміз үнемі екі жақты байланыстарды нығайту жолында жұмыс жүргізіп келеді. Сіздің биылғы қаңтардағы Вашингтонға сапарыңыз осы жылдар ішінде елдеріміз арасында қалыптасқан қарым-қатынастарымызды ілгерілетуге және нығайтуға тың серпін берді», – делінген жеделхатта.
Дональд Трамп Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылық етуімен Қазақстанның ядролық қаруды таратпау ісінің көшбасшысына және бейбіт өмірдің жақтаушысына айналғанын атап өткен.
«Мен берік ынтымақтастығымыз алдағы уақытта да жалғаса береді деп ойлаймын. Сізге және Қазақстан халқына келе жатқан Жаңа жылда табыс пен бақ-береке тілеймін!», – делінген АҚШ президентінің құттықтау хатында.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз