Трамп Кеңес Одағының не үшін құлағанын айтты

0
54
дереккөзден

“Кеңес Одағының құлауының басты себебі – Ауғанстандағы соғыс”. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп министрлер кабинетімен өткізген отырыс барысында Fox News телеарнасының тікелей эфирінде мәлімдеді.

“Ресей бұрын Кеңес Одағы болды. Ауғанстан салдарынан ол Ресей атанды. Ауғанстанда соғысамын деп, дағдарысқа ұшырады” – Трамп.

Ақ үй басшысы Кеңес Одағы лаңкестер өз аумағына ене бастағандықтан, Ауғанстанмен соғыс операцияларын жүргізгенін алға тартты. Кеңес Одағының ауғандармен соғысқаны жөн әрекет болды, дегенмен, соғыстың қатыгездікпен жүргені сонша, түптің-түбінде дағдарысқа ұшырады, дейді Трамп.

Құрама Штаттар президенті Ауғанстанда АҚШ емес, Ресей, Пәкістан, Үндістан өзге де көршілес мемлекеттер соғысуы қажет деп есептейді. Алайда, АҚШ-тың бұл тұрғыда өзге мемлекеттерге көмек қолын созғысы келетінін де жасырмады.

Желтоқсанда The Wall Street Journal дереккөзге сілтеме жасай отырып, Трамп және оның тараптастары 14 мың әскерден тұратын АҚШ жауынгерлерін Ауғанстан аумағынан шығарып алуды талқылап жатқандығын хабарлады. Алайда, соңында АҚШ ұлттық қауіпсіздік Кеңесінің өкілі Гаррет Маркис Трамп Ауғанстан аумағынан әскер шығару туралы шешім қабылдамағанын алға тартты.

Өткен жылдың 19 желтоқсанында Дональд Трамп Сириядан Америка әскерін шығару туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді. Бұл әрекетті Трамп “ДАИШ-ты”* жеңумен түсіндірді.

Кеңес Одағы әскерлері Ауғанстан аумағындағы соғыс қимылдарына 1979 жылдан 1989 жылға дейін қатысты. Төңкерістен кейін Нұр Тараки бастаған коммунистер ауған билігіне келген тұста Кеңес Одағы Үкімет күшіне қолдау көрсеткен еді.

ДАИШ* – Қазақстан Республикасы аумағында тыйым салынған лаңкестік ұйым.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз