Жаңа кадрлық өзгерістер: мәні неде?

0
56
с источника

26 желтоқсанда мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар кадрлық тағайындаулар жасады. Мемлекет басшысы қол қойған Жарлыққа сәйкес,Сыртқы істер, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің басшылары тағайындалып, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігін қайта ұйымдастыру шешілді. Аталған шешімдердің саяси мәні неде?

Бірінші кезекте, министрлердің ауысуы. ҚР Сыртқы істер ведомствасының жаңа басшысы болып Бейбіт Атамқұлов тағайындалды. Сыртқы істер министрлігінің бұған дейінгі басшысы Қайрат Әбдірахманов болған еді. Әбдірахмановтың сыртқы саясат саласында іс-тәжірибесі жеткілікті, аталған лауазымға дейін ол бірқатар мемлекеттерде елшілік қызметте, сыртқы істер саласындағы түрлі бағытта жұмыс істеді. Сыртқы істер министрі болып 2016 жылдың желтоқсанында тағайындалды. 2018 жылдың желтоқсанында аталған лауазымнан босатылып, жаңа сыртқы істер министрі болып бұған дейін Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің басшысы болған Бейбіт Атамқұлов тағайындалды. Саясаттанушы Талғат Қалиевтің жаңа тағайындауларға қатысты берген саяси сараптамасына сүйенсек, Сыртқы істер министрлігі инвестиция тарту үшін барлық сыртқы істер бойынша мекемелерді бір ортаға жинақтауы тиіс, ал ұлттық экономика министрлігі инвестициялық тартымдылық ұстанымы бойынша экономиканы үйлестіруі тиіс. Яғни бұл тұрғыда Бейбіт Атамқұловты Сыртқы істер министрлігінің басшысы етіп тағайындау “заңды”. “Себебі, Атамқұлов аймақтарды және өндіріс министрлігін басқаруда мол тәжірибеге ие жалғыз кадрлық дипломат. Яғни экономика секторларының жұмысын жақсы біліп, түсінеді, аймаққа келуші инвесторлардың жолында туындайтын кедергілер мен тәуекелдерді жақсы сезінеді”, – деп жазады Қалиев.

Өз кезегінде, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне бұған дейін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары болған Асқар Жұмағалиев жетекшілік етеді. Жұмағалиев бұған дейін ақпарат және байланыс саласында ұзақ жылдар қызмет етті. Саясаттанушы Қалиев экс вице-премьер Жұмағалиевтің Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне басшылыққа келуі “аталған ведомостваның цифрландыруға көшуіне әкелетіндігін” алға тартады. Ақиқатында Жұмағалиев 2010-2012 жылдары ҚР байланыс және ақпарат министрі болып қызмет атқарған еді. Аталған лауазымда Жұмағалиев 3 G , цифрлық спутниктік және эфирлық телевидение қызметін іске қосуға мұрындық болып, электронды үкімет порталының дамуы және Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ауқымды түрде жаңғырып, жедел қызмет көрсетуіне түрткі болған еді.


26 желтоқсанда Ақорданың ресми сайтында жаңа тағайындауларға қатысты Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы мемлекет басшысының қаулылары жария етілді. Қаулыға сәйкес:

1) Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі экспортты ілгерілету саласындағы қызметті үйлестіруге жауапты;

2) мемлекеттік органдар берілетін функциялар мен өкілеттіктерге сәйкес қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік органның құқықтары мен міндеттемелерінің құқықтық мирасқорлары болып белгіленсін.

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестициялар жөніндегі комитетін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қарамағына беруді;

2) қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік органның тиісті штат санын беруді;

3) Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының акциялар пакетін иелену және пайдалану құқықтарын  беруді;

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз