Желіде Тоқаевтың сирек суреттері жарияланды

0
278
Видеодан алынған кадр

Toqayev Team youtube-арнасы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың еңбек жолы баяндалатын қысқа видеоролик жариялады.

Кадрларда шетелдік мемлекет басшыларымен сирек суреттер көрсетіледі. 1992 жылы Қ.Тоқаев ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары болған еді. Youtube-арнасы Тоқаевтың Кубаның экс басшысы Фидель Кастромен түскен суретін жариялаған.

1994 жылы Тоқаев сыртқы істер министрі болды. 1999 жылдың қазанында мемлекет басшысының бұйрығымен Қазақстанның премьер-министрі болды.

2000 жылдың қаңтарында Тоқаев мемлекеттік хатшы-сыртқы істер министрі лауазымына тағайындалды. Жұмыс барысында Тоқаев АҚШ президенті кіші Джордж Бушпен және БҰҰ бас хатшысы Кофи Ананнмен кездескен.

Аталған лауазымында Тоқаев ядролық қаруды таратпау жаһандық үрдісіне ат салысты.

2007 жылдың қарашасында Қ.Тоқаев Парламент төрағасы лауазымына тағайындалды. 2011 жылдың наурызында БҰҰ бас хатшысының орынбасары болды. Тоқаев Фидель Кастро, РФ сыртқы істер министрі Сергей Лавров және т.б саясат қайраткерлерімен жүздескен. 2013 жылы қайтадан парламент Сенатының төрағасы болып тағайындалды.

2019 жылдың 20 наурызында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына ант беріп, сайлау уақыты аяқталғанға дейін мемлекет басшысы болды. 9 сәуірде республикалық арналарда сөз сөйлеген Тоқаев Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауы 2019 жылдың 9 маусымында өтетінін хабарлады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз