Журналистерді аккредитациялау тәртібі өзгереді

0
64

19 ақпан күнгі Үкімет отырысында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев журналистерді аккредитациялауға енетін өзгерістер жайында айтты.

Министрдің айтуынша, журналист нақты бір маманның құзіретіне жататын кез келген сұрақты қоюға құқылы. Алайда,жиын басқа тақырып бойынша өрбуі мүмкін. Ал, модератор сол тақырып бойынша сұрақ қоюды талап етеді.

“Енді модератор алдын ала тақырыпты жариялап, тек соған қатысты сұрақ қоюға өтініш жасай алады. Онда тұрған ештеңе жоқ деп ойлаймын. Бірақ іс-шарадан кейін маман, я болмаса шенеунік өз құзіретіне жататын кез келген сұраққа жауап беруге міндетті. Ол үшін журналистің аккредитациясын ешкім алып қоймайды. Аккредитация туралы ережелерде ыңғайсыз сұрақтарға қатысты ештеңе жазылмаған”, – деді Д.Абаев журналистерге берген сұxбатында.

Оның сөзінше, ережеде ыңғайсыз сұрақтарға қатысты ештеңе жазылмаса да, модератордың тәртібі сақталмаған жағдайда журналисті аккредитациядан айыру мәселесі бар.

“Аккредитациядан өткен журналистердің санына қатысты бір мәселе бар. Біз барлық редакцияларды қамтуға тырысамыз. Бірақ кей басылымдар 5-7 журналисті аккредитацияға жібереді. Содан орын жетпей қалады. Ол жағын да қарастыратын боламыз. Аккредитация үшін журналистің келісімшартын көрсету міндетін де алып тастаймыз”, – деді Д.Абаев.  

Осы орайда министр журналистерді жазбаша ұсыныс беруге үндеді. Аталған тақырыпты кеңінен талқылау үшін арнайы жиналыс та өткізуге келісті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз