16 жылдан кейін “Қайрат” футбол клубы чемпион атанды

0
743

Футболдан Қазақстан чемпионатында алматылық “Қайрат” клубы 16 жылдан кейін лиганың чемпионы атанды.

Турнирдің 17 турында Шымкенттік “Ордабасы” командасымен ойнаған “Қайрат” 3-1 есебімен жеңіске жетті. Осыдан 16 жыл бұрын 2004 жылы чемпион атағын алған “Қайрат” лиганың аяқталуына 3 тур қалғанда чемпион атанды. “Қайрат” бұл жеңісі арқылы басқа клубтарды чемпиондыққа таласу мүмкіндіктерінен айырды. 

Қатарынан 6 жыл Қазақстан премьер лигасының үздігі атанған “Астана” командасы қазіргі таңда “Тобыл” және “Ордабасы” командаларымен 2 орынға таласуда.

Бірінші лига клубтары арасындағы жарыс өз мәресіне жетіп, “Ақтөбе” (29 ұпай) және “Атырау” (27 ұпай) клубтары OLIMPBET – Футболдан Қазақстан чемпионатына жолдама алды. Командаларға лиганың алтын медальдары табысталды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз