Футбол жұлдызы кәсіби спортпен қош айтысты

0
85
дереккөзден

Әлем футболындағы аңыз ойыншылардың бірі – Роналдиньо деп танылған Роналдо де Ассиис Морейра кәсіби мансабын аяқтамақ. Бұл туралы Роналидньоның ағасы әрі агенті хабарлады, деп жазады Euronews.

Еуропаның үздік футболшысы ретінде «Алтын доп» марапатының иегері, ФИФА нұсқасы бойынша 2004, 2005 жылдардың үздік ойыншысы, Роналдиньо спорттық мансабында сәтті өнер көрсетті.

Француздық «ПСЖ» құрамында ойнаған Роналдиньо кейіннен Испанияның екі дүркін чемпионы атанған каталондық «Барселона» командасына ауысты, ал 2006 жылы «Чемпиондар лигасын» жеңіп алды.

Ұлттық құрама үшін 97 матч өткізіп, 33 рет гол соққан Роналдиньо соңғы рет алаңға екі жыл бұрын бразилиялық «Флуминенсе» клубының ойыншысы ретінде шықты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз