2019 – Универсиада: Қазақстан құрамасының формасы белгілі болды

0
140

5 ақпан күні Қазақстан құрамасының 2019 Қысқы Универсиада ойындарында киетін формасы белгілі болды. Бұл туралы Қысқы Универсиада ойындарының әлеуметтік желідегі ресми парақшасы жазды.

Қазақстан құрамасының формасы қара-алтын түсте тігілген. Ұлттық тудың суретінен бөлек онда KAZ деген Универсиаданың эмблемасы бейнеленген.

Айта кетейік, қысқы Универсиада ойындары 2-12 наурыз аралығында Ресейдің Красноярск қаласында өтеді.

УниверсиадаУниверсиада – студенттер арасында өтетін халықаралық спорт жарысы. Соңғы рет Универсиада ойындары Алматыда 2017 жылы өткен. Ол кезде Қазақстан құрамасы 2 -орынды иеленіп, 11 алтын, 8 күміс және 17 қола медаль алған болатын. Биыл Универсиадаға 3000 мыңнан аса адам қатысады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз