2019 жылғы ”Қазақстан барысы” анықталды

0
17

Қазақ күресінен ”Қазақстан Барысы” IX Республикалық турнирі” Шығыс Қазақстан облысының палуаны ”Шығыс барысы” Айбек Нұғымаровқа бұйырды. 

Еліміздің әр облысынан келген 35 палуан бақ сынасты. Көп еңбектің арқасында бағы мен бабы келіскен палуандар жеңіс тұғырынан көрінді.

Жарыс қорытындысы бойынша:

1 орын Шығыс Қазақстан облысынан келген лақап аты ”Шығыс барысы” Айбек Нұғымаров иеленді. Жеңімпаз 25 000 000 тг ақшалай сыйлықпен алтын белбеу және арнайы алтын тұяқпен марапатталды.

2 орын Шығыс Қазақстан облысының тағы бір тумасы лақап аты ”Қабанбай” Ерасыл Қажыбаев иеленді. Жеңімпаз күміс белбеумен және 5 500 000 тг ақшалай сыйлықпен марапатталды.

3 орын Алматы облысының намысын қорғаған Руслан Әбдіразахқа бұйырды. Жеңімпаз қола белбеумен және 1 800 000 тг ақшалай сыйлықпен марапатталды.

2 дүркін Қазақстан барысының Айбек Нұғымаров:

”Көңіл- күйім өте керемет. Бірінші белдесуден бастап 5 белдесуде өте ауыр болды. Ораза ұстағаннан кейін күшімді сәлде болса жоғалттым. Соның бәрі әсер етіп әлсіздік болды. Қарсыластарымның барлығы мықты болды. Барлығы сен тұр мен атайын деген палуандар. Күресті осымен қоямын деп айта алмаймын. Келесі жылы да күресіп 3 дүркін чемпион болуға тырысамын. Жеңісімді әке- шешеме, жанұяма барлық Шығыс Қазақстандықтарға арнаймын”.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз