21-ғасырдағы ең мықты боксшылар рейтингі: Головкин екінші орында

0
156

15 қыркүйек күні Лас-Вегаста WBC, WBA (Super) және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин және мексикалық Сауль «Канело» Альварес арасында қарымта жекпе-жек өтеді. Кездесу алдында ESPN арнасының тілшісі Найджел Коллинз орта салмақта ХХІ ғасырдың үздік он боксшысының тізімін ұсынды. Рейтинг орта салмақ бойынша жасалған.

Рейтингте бірінші орында орта салмақтағы бұрынғы абсолют чемпион Бернард Хопкинс тұр. Одан кейін Головкин, ал Альварес үшінші орынға тұрақтаған.  Сонымен қатар, ТОП-10 тізіміне кіргендер:

4. Серхио Мартинес (Аргентина)

5. Келли Павлик (АҚШ)

6. Джермейн Тэйлор (АҚШ)

7. Дэниэл Джейкобс (АҚШ)

8. Билли Джо Сондерс (Ұлыбритания)

9. Артур Абрахам (Германия)

10. Джермалл Чарло (АҚШ)

Головкин бұл дивизион бойынша соққыларды ең дәл ұратын боксшы. Бір раундта оның 25 соққысы дөп тиеді, ал өзіне қарсыластарының 12,2 соққысын өткізіп алады екен. Оның үстіне Головкиннің есімі орта салмақ тарихындағы үздік нокаутшы ретінде Гиннесс рекордтар кітабына кірген болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз