“Аякстан” жеңілген “Реал” Чемпиондар лигасынан шығып қалды

0
132

5 наурыз күні Чемпиондар лигасының 1/8 финалында Мадридтің “Реалы” өз алаңында Нидерланд елінің “Аякс” командасынан 1:4 есебімен ұтылып жартылай финалға өте алмады. Бұл туралы KAZAKNEWS хабарлады.

Осылайша 3 жыл қатарынан чемпион атанып келген Мадридтің “Реалы” жарыс жолынан шығып қалды. Бірінші ойында 2:1 есебімен ұтқанымен, Мадридте өткен қарымта ойында Нидерланд елінен келген командаға 1:4 есебімен есе жіберді.

Ойында “Аякстың” сербиялық легионері Душан Тадич асқан шеберлігімен көзге түсті. 7 минутта Хаким Зиештің гол соғуына жағдай жасаса, 18 минутта Давид Нереске нәтижелі пас берді. Ал 62 минутта өзі гол соқты. 70 минутта Маркос Асенсио есепті қысқартқан болатын. Бұл гол мадридтік команда жанкүйерлерін көп қуантпады. Араға 2 минут сала “Аякс” ойындағы төртінші голын соқты. Ласло Шоненің айып соққысынан қия тепкен добын Тибо Куртуа қайтара алған жоқ. Тіпті алаң иелері ойынды 10 ойыншымен аяқтады.

Кездесу соңында жүйкесі сыр берген Начо алаңнан қуылды. Қос ойын қорытындысы бойынша “Аякс” 5:3 есебімен ширек финалға өтті. Ал 3 жыл қатарынан Чемпиондар лигасында топ жарып келген мадридтік команданың жорығы аяқталды.

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз