Алғашқы алтын медаль ел қоржынында

0
124

Дзюдодан Будапештте өтіп жатқан Гран-при турнирінде ел қоржынына алғашқы алтын медаль түсті. 60 келіде белдескен Елдос Сметов турнир жеңімпазы атанды 

Финалда Елдос Сметов пен моңғолиялық Ганбат Болдбаатар кездеcті. Тартысты жекпе-жекте Елдос айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Алдымен “ваззари” ұпайын алған ол кездесу аяқталуға санаулы секунд қалғанда қарсыласын “иппон” ұпайымен жеңді.

Еске сала кетейік, Ганбат Болдбаатар 2014 жылы әлем чемпионы атанса, Елдос Сметов 2015 жылы әлемдік сында жеңімпаз атанған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз