«Астана» футбол клубында жаңа бас бапкер

0
82

Украйналық Роман Григорчук «Астана» футбол клубының жаңа бас бапкері болып тағайындалды.

Роман бұған дейін әзербайжандық «Габала», латыиялық «Венспилс», одессалық «Черноморец» футбол клубтарында қызмет атқарған.

Украиналық тәжірибелі маман аталған футбол клубтарының үздік бапкері марапаттарына ие болған.

Бас бапкер ретіндегі еңбек жолын 1999-2005 жылдар аралығында латвиялық «Динабург» футбол клубынан бастаған.

1999-2005 «Динабург» (Латвия)
2005-2009 «Венстпилс» (Латвия)
2009-2010 «Металлург» (Запорожье, Украина)
2010-2014 «Черноморец» (Одесса, Украина)
2014-2018 «Габала» (Әзербайжан)

Бапкерлік лицензиясы: PRO UEFA

Футболшы ретіндегі еңбек жолы: 1988 – 2000 жылдары мына клубтарда ойнаған: «Прикарпатье» (Ивано-Франковск), «Санкт-Пельтен» (Австрия), «Петрохимия» (Польша), «Сатурн» (Раменское, Россия), «Кривбасс» (Украина), «Динабург» (Латвия).

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз