“Астана” әлемнің үздік 70 клубының құрамына кірді

0
110

Халықаралық футбол тарихы және статистикасы федерациясы (IFFHS) рейтингінде “Астана” футбол клубы  2018 жылдың қорытындысы бойынша үздік 70-ке кірді. Бұл туралы “SPORTINFORM” САА хабарлады.

2018 жылдың қорытындысына сәйкес “Астана” 129-шы орыннан 66-орынға көтеріліп, испаниялық “Валенсиямен” қатар келді. “Қайрат” 157-орыннан 181-орынға түскен. IFFHS рейтингінде басқа Қазақстан өкілдері жоқ. ТМД елдері арасында «Астанадан» жоғары тұрған клубтардың арасында тек екі украиналық команда бар. Ол – “Динамо” мен “Шахтер”.

2018 жылы мадридтік “Атлетико” үздік клуб деп танылды. Алғашқы бестікке “Реал”, “Зальцбург”, “Барселона” және “Ювентус” кірген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз