Астанада футболдан журналистер арасында БАҚ лига басталды

0
167
Қазақстан туын ұстаған футболшы журналистер.

20 қаңтар күні Назарбаев университетінің спорт кешенінде журналистер арасында футболдан кезекті БАҚ лига басталды. Үш айға созылатын «BAQ league» біріншілігінің бесінші маусымына 15 команда өтініш білдірген.

Ашылу салтанатынан соң «Хабар» мен «Қазмедиа» арасындағы ойынның куәгері болдық. Матч 5:2 есебімен «Хабардың» пайдасына шешілді. Биылғы Бақ лиганың алғашқы голын соққан «Хабар» командасының шабуылшысы Әлішер Келгенбайды әңгімеге тарттық.

2019 БАҚ лигадағы алғашқы гол

“Хабар” командасының шабуылшысы Әлішер Келгенбай.

«Қазмедиа командасымен ойын тартысты өтті. Бір апта бұрын өткен «Nurorda Cup» жарысында есе жіберген болатынбыз. Бүгінгі ойын мардымды жауап болған секілді. «Хабардың» басты мақсаты осы «Қазмедиа» құрамасын жеңу болатын. Жоғары деңгейдегі ойын үшін команда мүшелеріне алғыстан басқа айтарым жоқ. Ең алғашқы гол команданы алға сүйреуге негіз болғандай. Бәріне рахмет!».

“Хабар” арнасының командасы.
“Елорда Ақпарат” командасы.
“Астана” арнасының командасы.
“Қазмедиа” командасы.
Журналистер футболда..
“Хабар” мен “Қазмедиа” ойыны басталал тұста.
А» лигасы:   «В» лигасы:
«Хабар» агенттігі   Қаламгер
«Егемен Қазақстан» газеті   Мазмұндама
«Қазмедиа» орталығы (А)   «Қазмедиа» орталығы (В)
Спорт газеті   «Ел арна» телеарнасы
Elorda aqparat агенттігі   Qazaq radiolary
«Хабар 24» телеарнасы   National geographic Qazaqstan журналы
Qazaqstanұлттық арнасы   ДИАП Qazaqstan
    «Астана» телеарнасы

 

2018 жылдан бастап Журналистер біріншілігі екі Лигаға бөлінген. «А» лигасының командалары жүлделі орындарды өзара сарапқа салса, «В» лигасының командалары Жоғарғы топтың жолдамаларына таласады.

Бесінші маусым 2019 жылдың 20 қаңтарында басталып, 2019 жылдың 21 сәуіріне дейін жалғасады.

Әбдіманап КЕҢЕС,

Журналист.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз