Астанада тегін паракаратэ секциясы ашылды

0
141

Жыл басынан бері Астанада қала әкімдігі жанынан «Балалар- жасөспірімдер спорт мектебі, мүмкіндігі ерекше спортшыларға арналған спорт мектебі» өз жұмысын бастады.

Мектепте 18 спорт түрінен жаттығулар өткізіледі. Атап айтқанда, арбада отырып би билеу, отырып ойнайтын волейбол, грек-рим күресі, еркін күрес, дойбы, шахмат, тоғызкұмалақ, жеңіл атлетика, жүзу, пауэрлифтинг, үстел теннисі, футбол, таеквондо, асық ату, дзюдо, бочча және голбол. Ақпан айында мектеп жанынан тағы да бір секция ашылды. Онда мүмкіндігі ерекше жандар каратэ-до өнерін меңгереді.

Паракаратэнің ерекшелігі – спортшылар төбелеспейді, олар каратэ-дода пайдаланылатын техника «каталарды» орындайды.

Паракаратэшілер жаңа Паралимпиадалық жаттығу орталығында дайындалады. Қазіргі кезде топта 15 адам бар. Олар арбағатанылған спортшылар, ментальді мүгедектер және көру органдары бұзылған жандар. Ең жас паракаратэшінің жасы 14-те, ең үлкені – 36-да. Спорт мектебі шәкірттерді келіп-кетуін де қамтамасыз етеді.

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Астананың мүмкіндігі ерекше жандары  Паралимпиадалық жаттығу орталығында тегін жаттығу мүмкіндігіне ие.

Спорт мектебіне жазылу үшін мүгедектігін растайтын анықтама, мекен жай анықтамасы және жеке куәліг қажет.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз