Атақты футболшы Луиш Фигу Алматыға келді

0
169

Португалиялық футболшы, “Реал” мен “Барселона” командаларының бұрынғы жартылай қорғаушысы Луиш Фигу Алматыға келді.

Жұлдыз футболшының Алматыға келгендігі “Медеу” мұз айдынының әлеуметтік желідегі парақшасындағы сурет арқылы белгілі болды. Суретте Луиш Фигу, УЕФА президенті Александер Чеферин және «Қайрат» ФК-ның бақылау кеңесі төрағасы Кайрат Боранбаевтың мұз айдынында жүргендігі жарияланған.

Фигу бұдан бұрын Алматыға футболдан “Әлем жұлдыздары” мен “Қайрат аңыздары” арасындағы ойында келген болатын. Өзінің 20 жылдық карьерасында “Спортинг”, “Барселона”, “Реал”, “Интер” секілді командаларда өнер көрсеткен. 2000 жылы Еуропаның ең үздік футболшысы атанып, ФИФА-ның үздік жүздігіне ілінді. 2008/09 жылғы сезон біткен тұста футболдағы карьерасын аяқтады. 2000 жылы Фигу 37 миллион фунтқа “Барселонадан” “Реал Мадридке” ауысты. Бұл трансфер сол уақыттағы рекордтық баға болатын. Аталмыш ауысым футбол тарихындағы ең шиеленісті трансфер ретінде қалды. “Барселона” жанкүйерлері  Камп Ноуда өткен “Реал” сапындағы алғашқы ойында Фигуды сатқын санап түрлі заттар лақтырды. Тіпті, оның ішінде доңыздын басы да бар болатын. Кейінірек, Фигу “Барселонадан” отбасылық және қаржылық жағдайларға байланысты ауысқандығын айтты.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз