“Қазақстанда 200 мың адам шаxматпен айналысады”

0
75

Қазақстанда 200 мың адам шаxматпен айналысады. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз-конференциясында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы айтты.

“Классикалық шаxматтан әлем чемпионатының өтуін Елбасы қолдап отыр. Мұндай мүмкіндіктің арқасында еліміздің шахмат спорты қарқынды дамып, Қазақстанның шахмат аренасында беделі өседі деген үміттеміз. Елімізде аталған спорт түрі аса танымал. Шахматпен айланысатындар саны бүгінде 200 000 адамды көрсетті. Оның ішінде балалар мен жасөспірімдер де бар. Бұл спорт түрінің елімізде одан әрі дамуына біздің белгілі спортшыларымыз Динара Сәдуақасова, Әнуар Исмағамбетов, Жансая Әбдумәлік пен Дәрмен Сәдуақасовтардың қосар үлесі зор”, – деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Айта кетейік, наурыз айының 4-15 аралығында Астанада әлемнің 14 елінен құрамалары қатысатын классикалық шахматтан Командалық әлем чемпионаты өтеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз