Қазақстандық оқушылар шахматтан әлем чемпионатында 8 медаль жеңіп алды

0
253
ҚР шахмат федерациясы

Түркияның Лара қаласында өткен турнирге әлемнің 33 елінен 392 шахматшы келді. Қазақстандық  қатысушылар үш алтын, екі күміс және үш қола жүлде иемденді. Бұл туралы  “ҚазАқпарат” ХАА Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Классикалық шахматтың тоғыз турынан кейін Ханзада Аманжол, Ельназ Қалиахмет пен Нұрғали Назерке 7, 9 және 15 жасқа дейінгі санаттарда алтын медальдарды жеңіп алды. Алишер Абдсаттар мен Эдгар Мамедов 7 және 9 жасқа дейінгі санаттарда күміс жүлдегер атанды. Үшінші орынды Раяна Жұмағали мен Дінмұхамед Тулендинов 9 жасқа дейінгі категорияда, сондай-ақ Айша Зәкірова 11 жасқа дейінгі категорияда  жеңімпаз атанды. Еске сала кетейік өткен жылы шахматшылар 6 медальмен оралған болатын. Бұл жолғы жарыста   Қазақстандық жүлдегерлері келесі жылығы оқушылар арасындағы әлем чемпионатына қатысу құқығына ие болды. “Мектептің әлем чемпионатындағы тамаша нәтижелер біздің еліміздегі шахмат мәдениеті дамып келе жатқанын дәлелдейді, – дейді Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Ирина Грищенко.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз