Қазақстандық теннисші Мексикадағы турнирде жеңіске жетті

0
75
Қазақстандық теннисші Александр Бублик

Қазақстандық теннисші Александр Бублик мексикалық Монтеррейде өткен турнирде топ жарды. Бұл туралы vesti.kz хабарлады. 

“Челленджердің” финалында Бублик эквадорлық теннисші Эмилио Гоместі 6:3, 6:2 есебімен ұтты. Бұған дейін қазақстандық теннисші серб Педжа Крштинді, америкалық Митчелл Крюгерді, испаниялық Фелисиано Лопес пен АҚШ-тың тағы бір өкілі, турнирдің фавориті Теннис Сандгренді жарыс жолынан шығарып тастаған болатын.  Соның арқасында Бублик АТР рейтингінің ТОП-100 теннисшісі қатарына енді. Ол 120-орыннан 99-ға көтерілді.

Қазақстандық теннисшінің АТР рейтингіндегі ең үздік көрсеткіші – 95-орын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз