Қазақстандық теннисшілер Португалия құрамасын қабылдайды

0
90

1-2 ақпан аралығында Астанадағы ұлттық теннис орталығында Дэвис кубогына іріктеу аясында кезеңдік сайысы өтеді. Бұл бәсекеде Қазақстан мен Португалия құрамалары бақ сынасады. 

Осы матчта жеңіске жеткен команда келесі жылдың қараша айында басталатын Дэвис кубогының финалдық сайыстарына жолдама алады.

Теннисшілер кездесуі 1 ақпан күні 14:00-де, 2 ақпан күні 12:00-де баталады.

Дэвис кубог – теннистен ерлер арасында өтетін ірі халықаралық командалық турнир. 1900 жылдан бері ұймдастырылып келе жатқан жарыс 1979 жылдан бастап Халықаралық тениис федерациясының қолдауымен өтеді. Ал кубоктың қазіргі иегері – Хорватия құрамасы.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз