Қазақстандық зілтемірші әлем рекордын жаңартты

0
105
Сайхан Тайсуев.

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Сайхан Тайсуев жеңімпаз атанды. Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитеті хабарлады.

67 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Сайхан Тайсуев чемпион атанып қана қоймай, әлем рекордын жаңартқан.

Жұлқа көтеруде 127 келіні, серпе көтеруде 161 келіні еңсерген Сайхан Тайсуев қос сайыс қорытындысы бойынша 288 келіні бағындырды. Бұл өз қатарластары арасында әлем чемпионы атану үшін жеткілікті көрсеткіш еді.

Одан бөлек, Сайхан Тайсуев серпе және жұлқа көтеруден кіші алтын жүлдені де өз еншісінде қалдырды. Қазақстандық зілтемірші серпе көтеруден жасөспірімдер арасындағы әлем рекордына да түзету енгізді. Бұл Қазақстан спортшыларының әлемдік сындағы екінші алтын медалі. Кеше Ақмолда Сайрамкез 61 келіге дейінгі салмақта топ жарған. Қазақстан жасөспірімдер құрамасын белгілі ауыр атлет Бақыт Ахметов жаттықтырады.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз