Азия ойындарында Қазақстан қоржыны бес алтынға толықты

0
79

Ашхабадта (Түркіменстан) жауынгерлік өнер бойынша жабық ғимаратта өтіп жатқан V Азия ойындары жалғасып жатыр.

Ойынның жетінші күні Қазақстанға тоғыз медаль соның ішінде бес алтын және төрт қола медаль әкелді, деп хабарлайды Sports.kz.

«Алтын» медальді Перизат Жақыпбекова (белбеу күрес), Әділ Қасқабай (жүзу), Әсем Садықова (ауыр атлетика), Павел Воржев және Қазақстанның ерлер құрамасы (велотрек), «қола» медальді Алихан Қаранеев (бильярд), Қазақстанның ерлер командасы (жүзу), Сергей Пономарев (велотрек), Ұлжан Дүйсембаева (белбеу күрес) иемденді.

Жеті күн өткеннен кейін Қазақстан құрамасы 46 медальмен (14-12-20) медальдік кесте бойынша бесінші орында тұр.

Үштік нәтижесі:

  1. Түркіменстан – 175 (69-51-55)
  2. Иран – 66 (17-14-35)
  3. Өзбекстан – 77 (16-19-42).

 

Сайлаубай Сабина

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз