“Бавария” командасы Чемпиондар лигасында жеңіске жетті

0
281
"Бавария" Чемпиондар лигасының кубогымен. Лиссабон, 23 тамыз 2020 жыл. Photo: www.news18.com

Германияның “Бавария” командасы биылғы Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды. Португалияның Лиссабон қаласында өткен финалда “Бавария” париждік ПСЖ командасын 1:0 есебімен жеңді.

Матчтағы жалғыз голды франциялық Кингсли Коман салды. Гол авторы карьерасын ПСЖ командасында бастаған.

“Бавария” осымен алтыншы рет Чемпиондар лигасында жеңіске жетті (1974, 1975, 1976, 2001, 2013, 2020). Ал франциялық ПСЖ тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының финалында ойнады.

Жарыстың финалы мамырда Стамбулда өтуі тиіс еді. Бірақ коронавирус пандемиясына байланысты ширек финалдан бастап Лиссабон қаласында көрерменсіз өтті.

Чемпиондар лигасын испаниялық “Реал” (13 рет), италиялық “Милан” (7), “Бавария” мен англиялық “Ливерпуль” алты реттен жеңді.

Чемпиондар лигасы – UEFA-ға (Еуропа футбол қауымдастығы) мүше елдердің чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысатын ең ірі клубтық турнир.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз