Данияр Елеусінов қыркүйекте америкалық Хикспен кездеседі

0
122
Боксшы Данияр Елеусінов.

Британдық Matchroom промоутерлік компаниясы қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусіновтің 13 қыркүйекте Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында АҚШ өкілі Решард Хикспен кездесетіні туралы ресми жариялады.

34 жастағы Решард Хикс бұған дейін кәсіпқой рингте өткізген 13 жекпе жектің 12-іне жеңіске жетіп (6 нокаут), бір рет тең түскен.

2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен олимпиада чемпионы, 28 жастағы Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін 2018 жылы сәуірде өткізген. Содан бері ол жеті рет жекпе-жекке шығып, барлығында жеңіске жеткен, үш кездесуде нокаутпен ұтқан.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз