Данияр Елеусіновтің мексикалық стильдегі қарсыласы кім

0
174
26 мамыр күні таңғы сағат 6:00 де Қазақстандық жартылай орта салмақтағы кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов өзінің кезекті қарсыласымен бокс алаңына шығады. KAZSPORT арнасы тікелей эфирде көрсетеді. 

Жекпе-жек Мэриленд штатының Оксон-Хилл қаласына өтеді. Бұл туралы боксшы өзінің әлеуметтік желісінде хабарлады.

View this post on Instagram

#may25th 👊🏻 Maryland 🥊

A post shared by Daniyar Yeleussinov (@yeleussinovdaniyar) on

Данияр Елеусінов (6-0, 3 КО) Головкин-Роллс жекпе-жегінің андеркартында шығуы керек еді.  Алайда кейін боксшының менеджері Зия Әлиев Елеусіновтің 8 маусымдағы Головкин-Роллс андеркардындағы жекпе-жегі белгісіз себептерге байланысты болмайтынын жеткізген.

Қазіргі таңда Флорида штаты Майами қаласында 5th Street Gym залында жаттығуда. Даниярдың спарринг-қарсыластарының бірі – тағы бір қазақстандық Сергей Карбивнычий. Ол да кәсіби рингтегі дебютіне АҚШ-та дайындалып жүр.

26 мамырда өтетін жекпе-жегіне республикалық бірқатар БАҚ көздерінің хабарлауынша, мексикалық Мигель Де Хесус Замудио Алонсо (43-12-1, 27 КО) қарсы айқасқа шығады.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз