Данияр Елеусіновтың келесі жекпе-жегі жақындады

0
100

27 қараша күні Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов (9-0, 5 КО) бұрынғы әлем чемпионы Джулиус Индонгомен (23-2, 12 КО) IBF Intercontinental белбеуіне таласады. Жекпе-жек Флорида штатының Голливуд ауданында өтеді.

Елеусіновтың, Индонгоға қарсы он раундтан тұратын дебюттік жекпе-жегі кәсіпқой бокс кешінің бір бөлігі болады. Кештің басты жекпе-жегінде Геннадий Головкиннің ескі қарсыластары Даниэл Джейкобс (36-3, 30 КО) пен Габриэл Росадо (25-12-1, 14 КО) кездеседі. 

Елеусіновтың титулдық жекпе-жегінің Қазақстанда өтуі эпидемиологиялық жағдайға байланысты мүмкін болмады. Олимпиада чемпионы барлық кездесуін АҚШ-та өткізді. 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз