Давид Лория “Астана” футбол клубының атқарушы директоры болып тағайындалды

0
91

9 қазан күні Қазақстан футбол құрамасының бұрынғы ойыншысы, қақпашы Давид Лория “Астана” футбол клубының атқарушы директоры болып тағайындалды. Бұл туралы “Астана” футбол клубының баспасөз қызметі хабарлады.

Лория 2019 жылы футболисттік мансабын аяқтап, бұрынғы ұлттық құрама ойыншыларына басқаруды үйрету үшін құрылған УЕФА-ның футбол менеджменті бағдарламасына қабылданды. Давид Лория қазақстандық клубтардан “Жеңіс”, “Есіл”, “Шахтер”, “Ертіс”, “Қайрат”, “Ордабасы” және “Локомотив”, түріктің “Ризеспор”, “Карсияк”, шведтік “Халмстад” және ресейлік “Спартак Нальчик” саптарында ойын көрсетіп, лигада үш рет чемпион атағына ие болды.

Екі күн бұрын “Астана” командасының бұрынғы атқарушы директоры Пол Эшуорт екі жақты келісіммен жұмыс орнын босатты. Ол, 2019 жылдан бері Астана командасының атқарушы директоры болып және жұмысының соңғы айында бас жаттықтырушы қызметін атқарған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз