Davis Cup: Қазақстан құрамасы финалға жолдама алды

0
97
Теннистен Қазақстан ұлттық құрамасы.

6-7 наурыз күндері Нұр-Сұлтанда өткен теннистен Davis Cup финалына іріктеу ойынында Қазақстан құрамасы Нидерланды командасын жеңіп Мадридке жолдама алды. 

Қазақстан құрамасының капитаны Юрий Щукин.
Қазақстан құрамасы ойыннан соң брифингте.

Юрий Щукиннің шәкірттері 3:1 есебімен аяқтады.

Нидерланды құрама командасы ойыннан соң брифингте журналистер сұрағына жауап беріп отыр.

Нидерланды құрамасының капитаны Пол Хаархайс қазақстандық теннисшілердің әдеттегіден өте жақсы ойнағандығын айтады. Оның ойынша, қазақстандықтардың өз алаңында ойнағаны да оларға көмек болған.

Қазақстандық теннисші Александр Бублик нидерландылық Робин Хасемен кездесіп үшінші жеңісіне қол жеткізді. Ол екі сетте де қарсыласынан басым түсті. 7:6 (7:4), 6:1.

Александр Бублик.

7 наурыз күні кортқа Андрей Голубев пен Александр Недовесов шықты. Олар да қарсыластарынан басым түсті.

Теннистен Қазақстан құрама командасы.

Осылайша, Қазақстан 23-29 қараша аралығында Мадридте өтетін Дэвис Кубогының ақтық кезеңіне жолдама алды.

Abdimanap KENES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз