Динара Сәдуақасова әлемдегі үздік 10 әйел шахматшының тізіміне енді

0
203
Динара Сәдуақасова. Photo: express-k.kz

Қазақстандық шахматшы Динара Сәдуақасова әлемдегі үздік 10 әйел шахматшының тізіміне енді. Бұл туралы Қазақстанның шахмат федерациясы хабарлады. 

23 жастағы Сәдуақасова 2700chess.com онлайн рейтингісі бойынша 9-шы орынға жайғасқан. Ол ресейлік гроссмейстер Александра Костенюкті, Блицтен әлем чемпионы, грузиялық гроссмейстер Нана Дзагнидзені артқа қалдырып отыр.

  • Еске сала кетейік, Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Сәдуақасова 2019 жылы Азия чемпионы атанды. Grand Swiss турнирінің жеңімпазы, сондай-ақ Эло рейтингінде 2500 ұпайдан көп алған алғашқы қазақстандық шахматшы.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз