Дінмұхамед Қонаевты еске алу турнирі өтеді

0
353
Дінмұхамед Қонаев

23-25 қараша күндері «Тараз-Арена» спорт сарайында еркін күрестен ересек балуандар арасында мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевты еске алуға арналған XI халықаралық турнир өтеді.

Жамбыл облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының хабарлауынша, спортшылар 10 салмақ санатында күш сынасады.

2007 жылдан бері республика деңгейінде өтіп келген турнир 2012 жылы халықаралық мәртебеге ие болды. 2016 жылы Тараз Ресей, Моңғолия, Бразилия, Армения, Грузия, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінен 150-ден астам спортшыны қабылдаған болса, 2017 жылы Жапония, Польша, Украина, Беларусь, Әзербайжан елдері де өз балуандарын жіберді. Биыл тоғыз команда: Қазақстан, Ресей, Украина, Моңғолия, Грузия, Беларусь, Әзербайжан, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан балуандары күш сынасады.

“Тараз-Арена” спорт кешені

Турнирдің жүлде қоры 26 млн теңгеге жуық. I, II, III орындарды алған спортшыларға медальдар, дипломдар, демеушілердің ақшалай сыйлықтары табыс етіледі. Бірінші орынға 4 мың доллар тігілген.

Zhambylnews.kz сайтының хабарлауынша, әрбір салмақ санатында жеңіске жеткен спортшылардың бапкерлеріне 500 доллар сыйақы беріледі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз