Еуро-2020: Қазақстан іріктеу матчында Шотланиядан жеңілді

0
91

Футболдан Қазақстан құрамасы Еуро-2020 іріктеу кезеңінің соңғы матчында Шотландиядан жеңілді.

І тобының 10-турындағы матч Глазгодағы “Хэмпден Парк” стадионында өтіп, алаң иелерінің пайдасына 3:1 есебімен аяқталды.

Матч есебін қазақстандықтар ашқан. 34-минутта Бахтиер Зайнутдиновтің алыстан бағыттаған соққысы нәтиже әкелді – ресейлік “Ростовтың” хавбегі қатарынан екінші ойында гол соқты.

Бірақ екінші таймда қонақтар жеңісті ұстап қала алмады. 48-минутта англиялық “Астон Вилланың” жартылай қорғаушысы Джон Магкинн айып соққысынан көзге түсті.

Ал 64-минутта шотландиялық команданың капитаны, англиялық “Норвичтің” ойыншысы Стивен Нейсмит қанжығасын майлады. Матч нүктесін 91-минутта Макгинн қойды.

Естеріңізге салсақ, І тобының бірінші турында Қазақстан Шотландияны 3:0 есебімен тас-талқан еткен еді. Іріктеу кезеңінде Михал Билек шәкірттері Сан-Мариноны (4:0, 3:1) екі рет жеңіп, Кипрмен тең түсті және бір мәрте жеңілді (1:1, 1:2). Ал топтың көшбасшылары Ресей (0:4, 0:1) мен Бельгияға (0:3, 0:2) екі реттен жол берген.

Осылайша, 10 ұпай жинаған Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңін 5-орында аяқтады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз