Футбол матчы кезінде төрешінің жүрегі тоқтап қалды (видео)

0
155
Сурет: lostiempos.com

Футболдан Боливия чемпионаты жоғары дивизионы матчының бас төрешісі Виктор Уртадо ойын кезінде жүрегі тоқтап, қайтыс болды. Бұл туралы Los Tiempos газеті жазды.

Боливия чемпионаты 25-ші турының матчы Эль-Альтода өтті. Онда жергілікті “Олвэйс Реди” мен “Ориенте Петролероны” қабылдап, 5:0 есебімен жеңді.

32 жастағы төреші екінші таймда, ойынның 54-ші минутында алаңда жерге құлады. “Олвэйс Реди” дәрігерінің айтуынша, төрешінің алаңда жүрегі тоқтап қалған, бірақ команданың дәрігерлері оны аман алып қалған. Кейін жергілікті клиникалардың біріне жеткізгеннен соң жүрегі соғуын қайта тоқтатқан. Дәрігерлер оның өмірін құтқара алмады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз