Футболшы Мохаммед Салахпен кездескен қазақ бала кім?

0
260
Әли Тұрғанбеков пен "Ливерпуль" командасының ойыншысы Мохаммед Салах алаңда жаттығу үстінде.

Оқи отырыңыз: Әли Тұрғанбеков ПСЖ ойыншыларымен кездесті

Екі аяқсыз дүниеге келген 11 жастағы қазақстандық ерекше бала Әли Тұрғанбеков “Ливерпуль” командасының ойыншысы Мохаммед Салахпен кездесті.  Бұл туралы Әли Instagram парақшасында жазды.

Достарым мені УЕФА Суперкубогының финалына шақырды, онда өткен маусымдағы Чемпиондар лигасының жеңімпазы мен Еуропа лигасының жеңімпазы ойнайды. Ливерпуль мен Челси! Мен УЕФА басшылығына, УЕФА қоры және әрине, Қайрат Советайұлына алғысымды білдіремін. Менің осы сапарымды ұйымдастырған сол кісі, – деп жазды ол.

Әли Тұрғанбеков Астанадағы Халықаралық “Нұрорда” мектебінің 4 сынып оқушысы. Аяқ-қолы жоқ, туабітті тетра амелия кеселіне шалдыққан “Қол-аяғым болмаса да, адамзат баласына адаспайтын жол сілтеймін” деп дүйім жұрттың жүрегін жаулаған Ник Вуйчичті кумир тұтқан Әли де бүгінде алға қойған мақсаттары мен өмірлік ұстанымдарын нық сеніммен айта отырып, жас та болса қоғамды өмірді сүюге шақырады.

Әли бұған дейін Ник Вуйчичтің Алматыға сапары барысында кездескен болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз