Головкин алдағы жекпе-жегіне жаттығу лагерін бастады

0
12

Орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) келесі кездесуі алдында жаттығу лагерін бастады.

Бұл Головкиннің жаңа бапкері Джонатан Бэнкспен бірге өткізетін екінші жаттығу лагері болмақ. Ол Бэнкспен биылғы көктемнен бері жұмыс істеп келеді.

“Демалыс аяқталды, жұмысқа оралатын сәт жетті”, – деп жазды Головкин. Бұл жазбаға жаттығу лагері орналасқан Big Bear-ден (Калифорния штаты, АҚШ) фото қосты. 

Естеріңізге салайық, Головкин 8 маусымда Нью-Йоркте канадалық Стив Роллсты (19-0, 11 КО) нокаутпен жеңген болатын. Енді GGG-дің келесі қарсыласы украиналық Сергей Деревянченко (13-1, 10 КО) болмақ. Боксшылар IBF титулын сарапқа салады.  Бұған дейін Головкиннің осы аптада Нью-Йоркте баспасөз мәслихатын өткізетіні хабарланған, мұнда ол келесі жекпе-жегі жайлы ресми хабарлайды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз