Головкин IBF рейтингінде үздік ондыққа қайта оралды

0
82
Сурет: abctv.kz

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) барлық салмақ дәрежесі өкілдерінің ай сайынғы рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады. Бұл туралы Sports.kz хабарлады.

Америкалық Дэниэл Джейкобс әлем чемпионы атанған орта салмақтағы бірінші орын бос тұр. Екінді орынды эквадорлық-неміс боксшысы Джек Кулкай иеленсе, үшінші позицияға украиндық Сергей Деревянченко көтерілген. Бұрынғы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин өткен айда 11-орында тұрған еді. Бұл жолы 10-шы орынға жоғарылады.

Айта кетейік, IBF осы көктемде GGG-ден Деревянченкомен міндетті айқасты өткізуден бас тартқаны үшін чемпиондық белбеуін алып қойған болатын. Титул бос деп жарияланып, ол үшін Деревянченко мен Джейкобс айқасты. Бұл жекпе-жекте АҚШ өкілі жеңіске жеткен болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз