Испанияның “Эспаньол” командасы қазақстандық жас футболшыларды жаттықтырды

0
176

13-14 мамыр күндері Нұр-Сұлтан қаласында қазақстандық болашақ футбол жұлдыздарын жаттықтыру, бақылау мақсатында Испанияның “Эспаньол” командасының 5 бапкері келді. 

Екі күнге созылған жаттығуға 2000-2009 жыл аралығында туған жасөспірімдер қатысты.

Мұңайтпасов стадионында өткен жаттығуда ұйымдастырушы, “Future Footballers Factory Kazakhstan” басшысы Абдрахман Шерхановпен сөйлескен болатынбыз.

“Футбол спорты бойынша Еуропада 3 жыл қызмет атқардым. Ондағы футбол жүйесін Қазақстанға енгізіп, адамдардың көзін ашып, елімізде футболды дамыту мақсатымыз. Футболшы деген мамандық бар. Футбол ойнап өмір сүруге болатынын, балаларда тек үміт боп қалмау үшін осындай жұмыстар атқарып жатырмыз. Мұның алдында әр клубтан талантты балаларды жинап Еуропаға жіберетінбіз. Бірақ ол жерде шығынның барлығын баланың жауаптылары көтеретін. Еуропалық клубтар көп баланың ішінен бірнешеуін ғана таңдап алады. Қалғаны елге қайтуға мәжбір. Бұлай көп үлес қос алмайтынымызды түсіндік. Бапкерлерді Қазақстанға өзіміз шақырайық деп шештік. Себебі көп ата-ана баланың Еуропаға баратын қаражатынан қиналады. Қазір испаниялық және италиялық бапкердермен жұмыс жасаудамыз. Осы жаттығудан кейін бапкерлер ұнаған балаларды өздерімен алып кетеді. Мұнда бала көп келеді, бапкерлердің әр балаға қарауға уақыты өте аз. Ал шет елге балалар өздері баратын болса шығын болғанымен, бапкерлерге барынша өздерін көрсетуге мүмкіндік болады”.

Балаларға жаттығуды түсіндіру сәті.
Жаттығуға арналған саймандар.
Бапкер дайындықты пысықтап жатыр.
Футбол үшін ең қажет зат!
Испаниядан келген бапкерлер құрамы.
Ойын алдында ақылдасу сәті.
Ойыншы көп, қақпашы біреу!
Футболшының бағы бапкерге де байланысты.
Бапкер: команданың атын қалай қойдыңдар?
Балалар: Эспаньол!
Бапкер: Super!
Теңбіл допты ұршықша иіру!
Испанияда Мессимен кездесу керек!
Командаға бөліну барысы.
Тыңдаймыз!
Допты ауада ұстай білу де өнер!
Доппен дос бола білу керек!
Жаңбыр бізге кедергі емес!
Қатты жауғанда басылғанша күте тұру қажет!

Айта кетейік, бұл жаттығу ойындары 15-16 мамыр күндері Шымкент қаласында және 17-18 мамырда Алматы қаласында жалғасын табады.

Abdimanap KENGES

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз