“Канело” үшінші жекпе-жек үшін Головкинге қандай шарт қойды?

0
204
Канело және Головкин

Орта салмақта WBC, WBA (Super) чемпионы мексикалық Сауль “Канело” Альварес (51-1-2, 35 КО) қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) беделді чемпиондық белбеу жеңіп алса, онымен жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеді.

4 мамыр Лас-Вегаста “Канело” орта дививзиондағы IBF белбеуінің иегері америкалық Дэниэл Джейкобспен (35-2, 29 КО) жұдырықтасады. Мексикалықтың сөзінше, жеңіске жеткен жағдайда оның басты мақсаты абсолют чемпион атануға жетпей тұрған WBO белбеуін жеңіп алу болады.

“Бәрінің өз уақыты бар. Алда Джейкобспен ауыр жекпе-жек күтіп тұр. Бірақ команда ретінде бізде мақсат бар. Биылғы жылғы мақсатымыз – орта салмақтағы барлық белбеуді иелену. Головкинде белбеу болса, неге жұдырықтаспасқа? Жыл соңына дейін белбеу жеңіп алса, онымен жекпе-жекке қуанышты боламын. Болмаса, онда жағдайдың қалай боларын көреміз. Жанкүйерлерге тамаша екі жекпе-жек сыйладық, үшіншісін неге сыйламасқа?” – деді Альварес.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз