Әлем чемпионатына баратын қазақстандық боксшылар анықталды

0
226
Сурет: Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі.

8-22 қыркүйек аралығында бокстан Екатеринбургте өтетін әлем чемпионатына баратын Қазақстан ерлер құрамасының тізімі жарияланды. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан ұлттық құрамасы сапында әлем біріншілігіне баратын былғары қолғап шеберлері:

Сәкен Бибосынов (52 келіге дейін)

Қайрат Ералиев (57 келіге дейін)

Закир Сафиуллин ( 63 келіге дейін)

Абылайхан Жүсіпов ( 69 келіге дейін)

Тұрсынбай Құлахмет ( 75 келіге дейін)

Бекзат Нұрдәулетов (81 келіге дейін )

Василий Левит ( 91 келіге дейін )

Қамшыбек Қоңкабаев (91 келіден жоғары)

Ұлттық құраманы Екатеринбургке бас бапкер Ғалымбек Кенжебаев, аға бапкер Марат Жәкиев, сондай-ақ Мырзағали Айтжанов, Жәмил Жүсіпов және Марат Манашевтар бастап барады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз