Әлем мергендері Астанада

0
120
Сурет: baq.kz

Астанадағы «Қазанат» ипподромында әлем садақшыларының қатысуымен мергендер бәсекесі басталды. Baq.kz хабарлағандай бұл жарыс 30 тамыз күні өтетін ІІ «Алтын жебе» халықаралық турниріне жаттығу ретінде ұйымдастырылды.

Қырыққа жуық садақшы түрегеп тұрып нысана атудан бақ сынады. Елу метрлік қашықтықтағы нысана атуда алматылық мерген Тұрысбеков Бақтияр үздік танылды. Жалпы есепте 69 ұпай жинаған Бақтияр Тұрысбеков бас жүлде – 300 долларды ұтып алды. Екінші жүлде – 250 долларлық сыйлық 59 ұпай еншілеген Жамбы атудың сұрмергені, тараздық Абзал Тулыбековке бұйырды. Үшінші жүлде – 150 долларды ресейлік садақшы Одиноков Сергейге бұйырды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз