Ұлттар лигасындағы алғашқы матчында Қазақстан Литваны жеңді

0
124

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Литваның Вильнюс қаласында өткен Ұлттар лигасының топтық кезеңіндегі алғашқы ойынында Литва елімен кездесіп 0-2 есебімен жеңіске жетті.

Ойынның алғашқы минуттарында команда капитаны Бауыржан Исламханның пасынан кейін баспен соққы жасап Бахтиёр Зайнутдинов есеп ашты. Екінші таймда Бауыржан Исламханды ауыстырып, ойынға кірген Исламбек Қуат ойынның 86 минутында қақпаның тоғыздығын көздеп есепті еселеді.

ұлттар лигасы
photo: Қзақстан Футбол Федерациясы баспасөз қызметі

Топтағы қалған екі ел арасында өткен ойын қорытындысы бойынша Беларусия өз алаңында Албанияға (0-2) есе жіберді. Енді 7 қыркүйек күні Қазақстан құрамасы Алматы қаласында Белоруссияны қабылдайды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз