Мәскеуде Хабиб Нурмагомедовтың әкесін еске алуға арналған турнир өтеді

0
162
Хабиб Нурмагомедов әкесі Абдулманап Нурагомедовпен

Sports.kz сайтының хабарлауынша, бүгін, 9 қыркүйек күні Ресей астанасы Мәскеу қаласында атақты UFC-дің жеңіл салмақтағы қазіргі чемпионы Хабиб Нурмагомедовтің әкесі Абдулманап Нурмагомедовты еске алуға арналған аралас жекпе-жек турнирі өтеді.

photo: sports.kz сайты

Турнирге қазақсандық 7 спортшы қатысады. Соның ішінде турнирдің басты жекпе-жегі Fight Nights чемпионы атағы үшін қазақстандық Даурен Ермеков пен Ресейлік Владимир Минеев арасында өтеді.

Тікелей көрсетілім ресейлік “Матч тв” телеарнасында Нұр-Сұлтан уақытымен 21:00 де басталады. Ал, Қазақстан бойынша “Хабар” телеарнасы сағат 23:15 те тікелей көрсетілім бастайды.

Бүгін жекпе-жек алаңына шығатын қазақстандықтар тізімі мынадай:

  1. Султан Жолдошбек (8-1) — Грант Акопян (Ресей, 4-2)
  2. Азамат Марқабаев (6-2) — Никита Балтабаев (Ресей, 7-5)
  3. Дархан Бакенов (1-0) — Владимир Брик (Украина, 4-5)
  4. Сәбит Жүсіпов (9-3-1) — Рилдечи Диас (Бразилия, 24-11)
  5. Гойти Дазаев (9-2-1) — Максим Буторин (Ресей, 15-2-1)
  6. Мұратбек Қасымбай (10-2) — Мухаммед Эминов (Ресей, 12-1)
  7. Дәурен Ермеков (14-4) — Владимир Минеев (Ресей, 13-1-1)

Абдулманап Нурмагомедов 2020 жылдың 3 шілде күні коронавирус салдарынан 57 жасында дүниеден өтті. Кеңестік және Ресей спортшысы, жаттықтырушы, еркін күрестен КСРО спорт шебері. Ресейдің еңбек сіңірген жаттықтырушысы, самбодан Дағыстан Республикасы ұлттық құрамасының аға жаттықтырушысы. Дзюдо мен самбодан Украина чемпионы.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз