Месси тағы да рекорд жасады

0
193
Сурет: russian.rt.com

Бес дүркін «Алтын доп» иегері, «Барселонаның» жұлдызы Лионель Месси испандық Примерада кезекті рет мықтылығын дәлелдеді.  31 жастағы аргентиналық Испания чемпионаттары тарихындағы 13 маусымда қатарынан 10 голдан артық соққан тұңғыш футболшы атанды.

Дерекшілер үшін аса маңызды оқиға 15-ші турда «Эспаньолаға» қарсы матч кезінде орын алды. Лионель кездесудің 17-ші минутында айып сызығынан тамаша соққы беріп, есепті ашты. Ал ойын соңында гол салып, қақпашы Диего Лопесті қапы қалдырды. Осылайша, Примераның қазіргі ойынында Мессидің еншісінде 11 гол бар. Оның қос голының арқасында «Барселона» 4:0 есебімен ежелгі қарсыласының тас-талқанын шығарды. Одан бөлек, Луис Суарес пен Усман Дембеле бір голдан соқты.

Prosports.kz сайтының хабарлауынша, 15-ші турдан кейін «Севилья» мен «Атлетикодан» 3 ұпай артық жинаған каталондықтар турнир кестесінде бірінші келе жатыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз