Михаил Кукушкин АҚШ-тағы турнирдің жартылай финалына шықты

0
85
Михаил Кукушкин

Қазақстанның бірінші, әлемнің 43-ракеткасы Михаил Кукушкин Финикс (АҚШ) челленджер турнирінің жартылай финалына шықты. Бұл туралы Қазақпарат хабарлады.

Қазақстандық спортшы ширек финалда әлемнің 86-ракеткасы, чилилік Николас Харримен кездесті. М.Кукушкин қарсыласын 6:4, 7:5 есебімен жеңді. Бәсеке 1 сағат 36 минутқа созылған.

Михаил Кукушкин финалға шығу үшін дүниежүзілік рейтинте 168-орында тұрған италиялық Сальваторе Карузомен күш сынасады. Ол ширек финалда осы турнирдің бірінші, әлемнің 21-ракеткасы, бельгиялық Давид Гоффенді ұтып кетті.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Михаил Кукушкин Индиан-Уэллс турнирінің алғашқы айналымынан аса алмады, Финикс жарысының ширек финалына да шыға алмаған болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз