Нурмагомедовтың келесі қарсыласы кім?

0
72
Хабиб Нурмагомедов

UFC ұйымының бас комментаторы Джо Роган ресейлік Хабиб Нурмагомедовтың (27-0) келесі қарсыласы кім екендігі жайында айтты.

Оның сөзінше, ресейліктің келесі қарсыласы америкалық файтер Тони Фергюсон (24-3) болу керек. «Жо-жоқ, оны шетте қалдыра алмайды. UFC көзқарасы Тониге түзу. Петтисонмен перформанстан кейін Дана Уайт Хабиб үшін келесі Фергюсон екенін айтқан. Бұларың қалай! Фергюсонға мүмкіндік беретін уақыт келді. Ол сұмдық жігіт. Тони 11 жекпе-жекте жеңілмей келеді. Ол Эдсон Барбозаны Д’Арсе әдісімен, Кевин Лиді үшбұрышқа алып тұншықтырды. Петтис, Ванната, Томсон, Дос Аньосты жықты. Бұл жігіт – айуан ғой. Оған лайықты деңгейде назар аударып жатқан жоқ», – деп келтіреді Роганның сөзін BJ Penn.

Фергюсон мен Нурмагомедов үш рет жұдырықтаспай қалған болатын. 2015 жылы желтоқсанда файтерлер The Ultimate Fighter 22 финалында кездесу керек еді. Алайда, Хабиб жарақатына байланысты турнирді жалғастырмады.

24.kz хабарлауынша, 2016 жылы сәуірде Фергюсонның өкпесінен ақау шықты, ал 2017 жылы дағыстандық салмақ қууға байланысты ауруханаға түсіп қалған болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз